13 шілдеден бастап Қазақстандағы мемлекеттік органдарды тексеру бірнеше есеге қысқарады. «Прокуратура туралы» жаңа заңнамаға сәйкес, енді мемлекеттік органдарды тексеру тек Президенттің не Бас Прокурордың бұйрығымен жүргізіледі.
Жаңа заңның ережесінде прокуратура аталған бұйрық берілместен-ақ, тексеріс жүргізе алатын 3 жағдай белгіленген:
- Өз-өзін қорғауға қабілетсіз топ: жетім балалар, мүгедек балалар менI, II топқа жататын мүмкіндігі шектеулі жандар және еңбекке жарамсыз азаматтар
- Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кездерде
- Оқиғаның салдары қанша адамға зардап әкелетіндігін болжау мүмкін болмағанда
Бұрындары прокуратура өзіне келіп түскен өтініш-шағымдарды түгел қарайтын болса, енді азаматтар бірінші арнайы мемлекеттік органдарға жүгінуі керек. Егер олардың аталған мәселені шешу бойынша әрекеттеріне көңілі толмаса, онда сотқа шағым түсіреді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?