Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіби спорт жолындағы ең үздік қарсыластарын анықтады. Бұл туралы WBC твиттер парақшасында жазылды.
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің пікірінше, Геннадий Головкиннің ең үздік қарсыластары: Дэниэл Джейкобс, Келл Брук , Дэвид Лемье , Мартин Мюррей және Марко Антонио Рубио.
Естеріңізге сала кетейік, әлемге GGG деп танылған боксшының шаршы алаңдағы келесі қарсыласы - Сауль Альварес. Олардың арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Геннадий Головкин бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында бұл кездесуді кәсіби бокс тәжірибесіндегі ең ауыр сынақ , ал мексикандық боксшы ең маңызды жекпе-жек деп баға берген болатын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?