Геннадий Головкин допинг дауына қатысты Сауль "Канело" Альвареске кезекті рет сын айтты.
Қыркүйек айында өтетін қарымта кездесу қарсаңында ашық жаттығу өткізу кезінде Головкин мексикалық Сауль Альварестің жанкүйерлерін "жалған" жігіттер деп атады.
Головкин өз сөзінде: "Ашулы емеспін, мен ол команданы сыйламаймын және "Канело" үшін ғана емес. Саульді көптен білемін. Бала сияқты промоутерлерінің тілін ала береді, бұл оның қателігі. Оны дауға іліктірген сол адамдар болса да ол сол адамдармен әлі жұмыс істеп келеді. Бұл ол үшін жақсы дүние деп ойламаймын. Міне менің пікірім. Мен командамды және өз адамдарымды сыйлаймын, өйткені олар нағыз жігіттер. Егер "Канелоны" қолдасаң, сен "өтірік" жанкүйерсің. Өйткені мені нағыз жігіттер қолдайды. Бұл ақ пен қарадай анық", - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, Генадий Головкин мен Сауль Алварестің қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы "Т-Mobile" кешенінде өтеді. Олар бұған дейін бір рет кездесіп, төрешілер тең нәтиже тіркеген.












                                                        





                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                    
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                    
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                    
                                        Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
                                    
                                        Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады