ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өткен Экспо-2017 халықаралық көрмесін дайындау және өткізу бойынша мемлекеттік комиссияның отырысында «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы А.Есімов: «Көрменің алғашқы 20 күнінде қатысуын алдын-ала растаған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өз павильондарының жұмысын толықтай жолға қойды», - деп мәлімдеді.
Басқарма басшысының мәліметіне сәйкес, Экспо-2017 халықаралық көрмесіне бір айдан аз уақыт ішінде 400 мың адам келген. Аталған көрмені тамашалайтындардың саны тәулігіне орташа есеппен, 24 000 адамды құрайды.
Халықаралық көрмелер бюросы да барлық павильондардың аз уақыт ішінде дайындығын пысықтап үлгергендігіне тәнті болып, оң бағасын берді.
Басқосуда сондай-ақ, көрмеге келушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру, қауіпсіздікті нығайту, таныстырылып отырған жаңа технологияларды еліміздің өндірісі мен тұрмысында қолдану мәселелері сөз болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?