ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек соңғы 5 жылда республикалық маңызы бар 4,2 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында - 1,3 мың км салынып, жөнделгенін баяндады.
Темір жол желілерінің ұзындығы 1 854 км-ге ұлғайды, «Арқалық – Шұбаркөл» және «Жезқазған – Бейнеу» учаскелері пайдалануға берілді, бұл Қазақстанның шығысынан батысына, әрі қарай «Өзен-Болашақ» темір жол желісі арқылы Парсы шығанағы елдеріне тікелей шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Боржақты - Ерсай» тармағы пайдалануға берілді және «Алматы - Шу» учаскесінің бірінші кезеңін салу аяқталды.
Құрық портындағы паром кешенінің темір жолдарын салу аяқталды. Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы құрғақ портының» инфрақұрылымы толық қалыптастырылды. Еліміздегі жұмыс істеп тұрған 18 әуежайдың 15-інде жөндеу жүргізілді және ҰҚЖ мен 11 жолаушылар терминалы салынды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Логистика тиімділігі индексі» рейтингісінде «Инфрақұрылым сапасы» көрсеткіші бойынша 106-дан 65-орынға жоғарылап, позициясын жақсартты. ҚР ИДМ мәліметі бойынша, көлік-логистика саласын дамыту, оның ішінде жобалық басқару аясындағы шаралар бұл көрсеткішті де жақсартуға мүмкіндік береді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды