Иран премьер-министрі арнаулы хабарлама жариялап, ДАИШ ұйымын жоюдың жоспарын жасап шыққандарын мәлімдеді. Яғни, Ирак үкімет армиясы арқылы тікелей әскери жақтан әлсіретіп, қауқарсыз тобырға айналдырып, ДАИШ-ты түп-тамырымен жоюдың жоспарын түзіп шыққан. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади бұл жоспарлары туралы Ирактың орталық қаласы Бағдаттың әл-Караде көшесіндегі лаңкестік шабуылдан қаза болған құрбандардың туыс-туғандарымен жолыққанда сөз еткен. Ол сөзінде: «Біз қауіпсіздік күштеріміз ДАИШ-ты жою үшін дайындалып жатыр. Көп ұзамай біз ДАИШ-ты әскери жақтан әлсіретіп жою сынды жоспарымызды іске қосамыз. Бұл террорлық ұйымды жоюдың бірден бір амалы», – деді.
ДАИШ күштері Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды басып алып, сол арада бекінгеніне бірнеше жыл болған. Өткен жылдың қазан айынан басталған Мосулды қайтарып алу шайқасы сегіз айға жалғасын тапты. Соңғы мәліметтерде 6 мың ДАИШ содырларынан 300 адам қалды делінген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы