Иран премьер-министрі арнаулы хабарлама жариялап, ДАИШ ұйымын жоюдың жоспарын жасап шыққандарын мәлімдеді. Яғни, Ирак үкімет армиясы арқылы тікелей әскери жақтан әлсіретіп, қауқарсыз тобырға айналдырып, ДАИШ-ты түп-тамырымен жоюдың жоспарын түзіп шыққан. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади бұл жоспарлары туралы Ирактың орталық қаласы Бағдаттың әл-Караде көшесіндегі лаңкестік шабуылдан қаза болған құрбандардың туыс-туғандарымен жолыққанда сөз еткен. Ол сөзінде: «Біз қауіпсіздік күштеріміз ДАИШ-ты жою үшін дайындалып жатыр. Көп ұзамай біз ДАИШ-ты әскери жақтан әлсіретіп жою сынды жоспарымызды іске қосамыз. Бұл террорлық ұйымды жоюдың бірден бір амалы», – деді.

ДАИШ күштері Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды басып алып, сол арада бекінгеніне бірнеше жыл болған. Өткен жылдың қазан айынан басталған Мосулды қайтарып алу шайқасы сегіз айға жалғасын тапты. Соңғы мәліметтерде 6 мың ДАИШ содырларынан 300 адам қалды делінген.

“The Qazaq Times”