«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының хакерлері АҚШ үкіметінің сайтын бұзды деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
АҚШ-тың Огайо штатының губернаторы Джон Кейсиктің сайтын «Ислам мемлекеті» хакерлері бұзды. Хакерлер Огайо штатының ресми сайтына ағылшын тілінде «Трамп және барлық АҚШ азаматтары мұсылман мемлекеттерінде төгілген қан үшін жауапқа тартылатын болады.» деген хабарлама қалдырып кеткен.
Bloomberg және New York Post басылымдарының мәліметінше, дәл осындай жазбалар жексенбі күні Брукхейвен қаласының ресми сайтында да жарияланған.
Ал Огайо шататының байланыс басқармасының басшысы Том Хойт бұл жайында: «Қазіргі таңда хакерлердің сайттарды қалай бұзғанын білу мақсатында шабуыл жасалған барлық серверлерді өшіріп тастадық. Біз қазір құқық қорғау органдарымен бірігіп не болғандығын анықтап жатырмыз.» деді.
Хакерлік шабуылды Team System DZ тобы өз мойынына алған. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жақтастары Team System DZ хакерлер тобы бұған дейін Пентагонның Твиттер және You Tobe акаунттерын бұзған. 2015 жылы олар Францияның TV5 Monde телеарнасының сайтына шабуыл жасаған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі