Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы А.Мелдебековті РМК өкілінен кезекті рет 3 млн теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұстады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті жүйелі негізде бас мамандар - мемлекеттік аудиторлар Д.Әпейісова мен Ш.Шәмілдің қатысуымен пара алу қылмыстық сызбасын ұйымдастырған.
А.Мелдебековтің қызметтік кабинеті мен тұратын жерін тінту барысында 54 млн теңге мен 120 мың АҚШ доллары табылды. А.Мелдебеков Астана ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ал Д.Әпейісова мен Ш.Шәміл кінәсін толық мойындағандықтан және кішкентай балаларының болуына байланысты қамауға алынған жоқ.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі