Жеке куәлікке немесе жүргізуші куәлігіне донар болуға келісім жазбасын енгізуге болады. Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігінде осы жоба жасалып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Елжан Біртанов 5-ші Халықаралық "Денсаулық бәрі үшін" атты конгрессте мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі таңда 3 мыңнан аса қазақстандық түрлі органдардың трансплантациясын қажет етеді. Ал органдарды ауыстыру операцияларымен 10 медицина орталығы айналысады.
«Біз "Азаматтарға арналған үкімет" электронды жүйесі арқылы әрбір адам донар болуға қатысты келісімі мен өтінішін жазып қалдыра алу мәселелелерін қарап жатырмыз. Көптеген елдерде бұл жүргізуші куәлігі мен жеке куәлігінде көрсетіледі", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін министр адам мезгілсіз қайтыс болған жағдайда оның органдарын туыстарының рұқсатынсыз донорлыққа алуға болатыны туралы заңда қарастырылғанын айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?