Халықаралық автошоу, яғни, қаңтар айының 8-22 аралығында АҚШ-тың Детройт қаласында халықаралық автокөрме өтпек. Халықаралық автосалон саналатын NAIAS ұйымы (North American International Auto Show) аталмыш шараны Солтүстік Американың Cobo – ең үлкен көрме орталығында ұйымдастырады. Алаң көлемі – 700 мың шаршы метр.
Мұнда әлемнің үздік авто өндірушілері ұсынған жаңа темір тұлпарлардың тұсауы кесілмек. NAIAS шарасы аясында 700 сериялы модельдер мен 45 тұжырымдамалық (немесе концептуалдық) автомобильдер ұсынылады. Ұйымдастырушылардың болжауы бойынша, көрмені 1 млн-нан аса адам тамашалайды. Бұл автошоу, дәстүр бойынша, алғашқы аптасында тек БАҚ өкілдері мен арнайы мамандар үшін жұмыс істейді. Ал, қарапайым халықтың 13 қаңтардан бастап кіруіне мүмкіндігі бар. Жоба ұйымдастырушыларының алдын-ала бағалауы бойынша, аталмыш көрмеден шамамен 450-500 млн $ (АҚШ доллары) пайда түседі.
NAIAS директорлар кеңесінің экс-төрағасы Robert Thibodeau жыл сайын өтетін шараның экономикалық әсеріне риза екендігін жеткізді:
«Қонақ үй, мейрамхана, өзге де сауда орталықтары, жеке кәсіпорындар болсын, барлық салада қызмет етіп жүрген мамандар мен олардың отбасыларына осы салоннан пайда келеді. Біздің мақсатымыз – осы Мичиганда экономикалық тұрақтылығымызды сақтау».
Гүлім Рысқұл
«The Qazaq Times»


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау