АҚШ президенті Барақ Обама осы елдің әскерилерімен қоштасу рәсімінде күлкі тудыратын уәждер айтып, ДАИШ лаңкестік тобының әлсіреуін АҚШ армиясының талпыныстарының нәтижесі деп атап: «АҚШ армиясы кез-келген қоқан-лоққыға төтеп беруге дайын болуы керек»,-деп қуаттағанын айтады "The Qazaq Times" порталы IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Обама Вирджиния штатындағы «Майер-Хендерсон холл» әскери базасында сөйлеген сөзінде АҚШ армиясының амалдарына алғыс айтып, осы ел армиясы күштерінің Ирак пен Ауғанстанда болған кезеңіне тоқталып: «Ирак пен Ауғанстанда лаңкестердің жойылуы америкалық әскерилердің талпыныстарына қарыздар»,-деген уәж айтты.
Ресми деректер бойынша, Вашингтон мен оның батыс серіктестері, соның ішінде Франция, Ұлыбритания мен кейбір Батыс елдері Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдерімен бірге Таяу Шығыстағы лаңкестік топтардың қаржылай және қару-жарақтық демеушілері болып саналған жағдайда АҚШ Президенті Ауғанстандағы лаңкестердің жойылуы және Ирак пен Сүриядағы ДАИШ-ке қарсы коалицияның жетістіктеріне тоқталды.
"The Qazaq Times"


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?