Еуропалық комиссия іздеу жүйесінде басымдық танытып, өзінің мүмкіндігін пайдаланған Google компаниясына 1 млрд еуро (1,45 млрд доллар) көлемінде айыппұл салуы мүмкін. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.
Басылымның мәліметінше Google компаниясына Google Shopping сервисіндегі іздеу қызметін алға жылжыту үшін монопольдік жағдайларды пайдаланды деп айып тағылуы мүмкін. Еуропалық одақтың монополияға қарсы органдары шешімдерін алдағы апталардың бірінде айтады.
Google Shopping қосымшасы 2002 жылы іске қосылған. Бастапқыда сервис сатушылар белгілеген бағаларды ғана ұсынатын. Алайда кейін бұл қызмет Google-дың іздеу интеграциясына айналды. Әзірге айыппұлға қатысты Еуропалық комиссия мен Google түсініктеме берген жоқ.
FT мәліметінше, 1 млрд еуро монополияға қарсы құқық бұзушылық тарихындағы рекордтық сома болуы мүмкін. Ал бұған дейін 1,06 млрд доллар көлеміндегі ең ірі айыппұл 2009 жылы Intel компаниясына салынған. Google болса үнемі еуропалық соттың кез келген шешіміне шағым айтып, көптеген жылдар бойы қорытынды үкім кейінге шегеріліп келеді.


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады