Қытай үкіметінің Гонконг тұрғындарының еркіндігін шектеген Ұлттық қауіпсіздік туралы заңды қабылдауына қарсы Facebook және Google компаниялары өз жауаптарын қайтаруда. Бір күн бұрын аталған компаниялар Гонконг үкіметі пайдаланған парақшалар мен іздеу жүйесінің мүмкіндіктерін тоқтатқанын мәлімдеді.
Facebook компаниясы мәлімдемесінде Бейжің тарабының ұлттық қауіпсіздік туралы заңы алаңдаушылық тудыратынын, соған байланысты Гонконгтың құқық қорғау органдарына іздеу жүйесіндегі мүмкіндіктер мен жеке парақшаларды уақытша бұғаттағаны айтылған. (Facebook компаниясы иелігінде танымал WhatsApp және Instagram әлеуметтік қосымшалары да бар екенін есерген жөн).
Сонымен қатар "Гугл" мен "Твиттер" де өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдана салысымен Гонконг полцейлерінің іздеу жүйесін пайдалануына бірден шектеу кіргізген. Әсіресе, Твиттер компаниясының аталмыш заңға деген наразылығы күшті.
Америкалық компаниялардың бұл әрекетіне қарсы Бейжің де өз жауабын беруі мүмкін. Бұған дейін Гонконгта Facebook, Twitter және WhatsApp сияқты қосымшалар еркін жұмыс істеп келеді және Қытайдың ішінде де VPN қосымшасы арқылы пайдаланылып келді. Алдағы уақытта Қытай үкіметі бұл әлеуметтік желілерді толық шек еуі де мүмкін.
Гонконг тұрғындары осыған дейін жарияланған әлеуметтік желілердегі демократиялық наразылықтар мен жаңа заңдарға қатысты жазбаларды іздестіріп жатса, ал кейбір тұрғындар сезіктеніп қатысты жазбаларын парақшаларынан өшіріп жатқандары да болған. Себебі осыған дейін Қытайда билікке қарсы жазбалары үшін жауапқа тартылғандар өте көп. Жаңа заңға сай бұндай қудалаулар енді Гонконгта болуынан алаңдайды.