Рим мэрі Италия билігінен қалаға иммигранттарды жібермеуін сұрады.
Рим мэрі Вирджиния Раджидің айтуынша, Италия үкіметі шаһарға иммигранттарды жіберуін тоқтатпаса, бұның соңы әлеуметтік толқуларға алып келуі мүмкін.
2014 жылдан бері Италияға теңіз арқылы 500 мыңнан астам босқын келген. Олардың басым көпшілігі Солтүстік Африка елдерінің азаматтары. Қазіргі таңда Италия аумағында 200 мың адам босқындар лагерінде тұрып жатыр. Былтыр осы уақытта ел аумағына 180 мың иммигрант келсе, биыл олардың саны 250 мың болады деп күтілуде. Осыған байланысты Италия билігі биыл босқындарды қабылдайтын лагерлер санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Бірақ иммигрантардың Италия аумағына көптеп келуіне халықтың басым көпшілігі қарсы.
Соңғы жергілікті сайлауда «Бес жұлдыз» оппозициялық партиясының төменгі нәтиже көрсетуіне байланысты партия мүшесі, Рим мэрі, Вирджиния Раджи халық алдында партия беделін көтеру мақсатында иммигранттардың ел аумағына кіруіне шектеу қою керектігін жиі айтып жүр.
Франс Пресс ақпарат агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда Италия аумағындағы босқындардың тек 40 пайызының ғана ел аумағында қалуына құқы бар. Қалғандары заңсыз мигранттар ретінде елден депортацияланады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?