Apple компаниясы үйге арналған көпфункционалды HomePod динамиктерін таныстырды.
Биіктігі шамамен 17,5 сантиметр болатын құрылғыда өзі орнатылған кеңістікке байланысты дыбысты бейімдеп отыратын арнайы дыбыс жүйесі орнатылған. Динамик тек дыбыс шығаратын құрылғы ғана емес, арнайы А8 процессорының арқасында HomePod күнделікті жаңалықтарды, ауа райын, қаладағы кептелістер туралы қосымша ақпараттар беріп отырады. Құрылғы әуендерді іздеуге арналған Siri функциясымен де жабдықталған.
HomePod динамигі осы жылдың желтоқсанынан АҚШ, Ұлыбритания, Австралия секілді елдерде сатылымға шығарылады. Бағасы 349 доллар көлемінде. Ал ТМД елдеріне 2018 жылы келеді деп жоспарлануда.


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады