Солтүстік полюс
Теңіз -құрлықтың ықпалы: Оңтүстік полюс – төңірегі теңіз-мұхитпен қоршалған ұлы құрлық. Ал солтүстік полюс жан-жағы құрлықпен қоршалған теңіз-мұхит. Теңіздің құрлыққа қарағанда жылыу сіміру сиымдылығы зор болады. Бұл құбұлыс, ұлы құрлық саналатын оңтүстік полюстің қысқы жарты жылындағы ауа темпратурасының тұтқиыл төмендеуін туғызады.
Жер бедерінің ықпалы: Оңтүстік полюстегі Антарктида құрлығының теңіз деңгейінен биіктігі орташа есеппен алғанда 2350 метір шамасында болып, жер шарындағы теңіз деңгейінен биіктігі ең жоғары құрлық болып саналады. Осы себепті ауа темпратурасы биіктіктің артуына байланысты төмендей түскен.
Теңіз ағысының ықпалы: 40-60 ргадустық оңтүстік ендіктегі батыс желінің айналма ағысы Антрактиданы айнала соғып, төмен ендіктегі өңірлерден келетін жылы ауа ағысының кіруіне кедергі жасайды. Ал Солтүстік мұзды мұхиттың жиегіндегі Баренцево теңізіне солтүстік Атлант мұхит жылы ағысы ағып кіреді. Суық ағыс ағылып шыққанда, мұз кесектерін ала кетеді. Суық ағыс пен жылы ағыстың ұшырасуы салдарынан, судың орташа темпратурасы біршама жоғары болады.
Мұз денелердің ықпалы: Антрактиданың жер аумағы 4 миилион шаршы километрден астам. Ондағы мұз бен қардың орташа қалыңдығы 2 мың метрге жуық болып, бүкіл жер шарындағы мұздың 90 пайызы шоғырланған. Ал Солтүстік Мұзды мұхиттың жер аумағы 13 миллион шаршы километрден астам. Мұз қабатының қалыңдығы 2-4 метр шамасында ғана. Ең қалың жері 30 метрден аспайды.
Күн мен түннің алмасу ықпалы: Оңтүстік полюсте поляр күні болған кезде жер шары күнге жақын нүктеде тұрады. Поляр түні болған кезде күнге ең алыс нүктеде тұрады. Сөйтіп, оңтүстік полюстің поляр күні солтүстік полюстен қысқа, поляр түні солтүстік полюстен ұзақ болғандықтан, қабылдайтын күн нұры мен жылу мөлшері солтүстік полюстен аз болады.
Жоғарыдағы себептердің бәрі оңтүстік полюстің солтүстік полюстен суық болуына әсер ететін негізні факторлар.
Оңтүстік полюс
Аударған: Қалания Әбдірасұлқызы