АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Хелли 6 маусым күнгі Женевадағы БҰҰ отырысында АҚШ үкіметі атынан зілді сөздерді ортаға салды. Ол Трамп үкіметі қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі рөлін қайта қарап тексеруде екенін мәлімдеді. Осыдан бұрын БАҚ-та жария болғанындай, АҚШ үкіметі БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен бас тартуы мүмкін. Бұл тосын хабар әлемдік басылымдарда күдік тудырып отыр. Бұл туралы "Шинлаң" агенттігі хабарлап отыр.
Хеллидің 6 маусым Женева қаласында өткен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысында: «Трамп үкіметі қазір БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі АҚШ-тың рөлін қайталай тексеріп қарауда. Кеңестің мүшесі мәртебесімен айтамын – Адам құқығын бұзушы елдің бұл орында отыруға құқығы жоқ. Венесуэла өз еркімен бұл кеңестен шығып кетуі керек», – деді. Хелли сондай-ақ сол күнгі кеңесте «екіжүзділікті» де қатты сынға алды. Бұл Израильге жасалған бес шешімге үлкен қолайсыздық тудырды.
Франция ақпарат көздерінің хабарлауынша Хелли сол күнгі кеңесте ашық шұрқан шығарған. Ол Уашингтон тарапының бұл талаптары орындалмайтын болса АҚШ БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңестен бас тартады. Мұндай ұйымның керегі де жоқ деп қатты кеткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?