"Спутник" ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Ресей президенті Путин Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толықтай мүше болуын қолдап отыр. Бұл туралы "Парс.Ақпарат" агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
Ресей президенті Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы арнайы өкілі Бақтияр Хакимов: " Мәскеу жақ Үндістан мен Пәкстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болғаннан кейін, Иранның да мүше болуын толықтай қолдайды. Қазір ұйымның халықаралық ықпалды ұйым болуына толықтай әлеуеті жетеді", – деді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы маусымда Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның қатысуымен Қытайдың Шанхай қаласында құрылған болатын. 2016 жылға келгенде Үндістан мен Пәкстан аталған ұйымға мүше болды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау