Кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен оған көршілес елдер басшылары Бішкекке жиналысты бастады. Аталған ұйым мүшелері арасындағы жиналыс 13-14 маусым күндері арасында өтеді деп жоспарланған. Бішкектегі бас қосуға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Ірі елдердің басшыларының қырғыз жерінде бас қосуы сирек жағдай десе де болады. Ресей президенті Путин, Қытай басшысы Ши Жинпиң, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан премьері Имран Хан, Беларусь президенті Лукашенко, Моңғолия президенті Халмаагаийн Баттулга, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани және бауырлас қазақ пен өзбек елінің басшылары да барды.
Қазір ұйымның төрағалығын Қырғызстан атқарып тұр. Кезекті жиыннан кейін төрағалықты Ресейге өткеріп береді.