АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, Ақүй бір арнайы тексеру группасын жасақтаған. Бұл Ресейдің өткен жылғы АҚШ президент сайлау ісіне араласу ісін зерттеуді күшейту үшін жасалыпты. Уашингтондағы саяси топтардың алауыздығын бәсеңдетіп, билік жүйесін ретке салуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы танымал басылым “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Бұл жаңадан құрылған тексеру группасы адвокаттар, зерттеушілер мен байланыс қызметінің мамандарынан құрам тапқан. Бұлар негізінен тергеушілер мен журналистердің сұрақтарын қанағаттандыру үшін жауапты болып отыр. Негізінен 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына Ресейдің қатысы бар деген мәселе төңерегінде арнаулы тексеру қызметін өрістетеді. Ал, Трамптың көмекшілері ресейлік өкілдермен тіл біріктірді деп айыпталып отыр.
Ақүй шенеуніктерінің бірінің айтуынша, аппарат басшысы Рейнс Приебус, ал бас стратег Стив Бэннон болып тағайындалған. Бұлар президенттің аға кеңесшісі әрі Трамптың күйеу баласы Кушнерге байланысты тексеру қызметін ұйымдастыруда.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау