Ресей президенті: "АҚШ-тың зымырандық қорғаныс жүйесін кеңейтуді баса айтуы қару-жарақ бәсекелестігін тудырады",- деді. Бұл туралы "Фарс" ақпараттық агенттігі хабарлады.
Владимир Путин Санкт-Петербургте өткен 21-ші Халықаралық экономикалық форум аясында шетелдік ақпарат құралдарына берген сұхбатында Ресейдің Германиядағы сайлауға әсер етуге жасаған талпыныстары туралы айыптауларды теріске шығарып: "Біз Германиямен ертеден тарихи қарым-қатынастарға иеміз. Екі мемлекеттің ортақ мүдделері бар.
АҚШ-тың Аляска мен Оңтүстік Кореядағы зымырандық қорғаныс жүйесі Ресей үшін қауіп төндіреді. АҚШ-тың зымырандық қалқанының кеңеюі қару-жарақ бәсекелестігін тудырады.
Ресеймен жаулық кері салдарға соқтырады және мәңгілікке дейін жалғаспайды. Егер Ресей Курил аралдарын Жапонияға қайтарып беретін болса, Уашингтон өз әскери күштерін осы аралдарға орналастыруы мүмкін. Хакерлер ешбір еуропалық елдің немесе АҚШ-тың сайлау нәтижелеріне әсер ете алмайды",- деді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?