Forbes журналы 2017 жылдың ең бай футболшыларының тізімін жариялады.
Forbes журналының есебі бойынша 2017 жылы әлем бойынша ең бай футболшысы, Португалия ұлттық құрамасы мен испаниялық «Реал» футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду болған. Оның 2016 жылдың 1 маусымынан, 2017 жылдың 31 мамыры аралығында тапқан табысы 90 миллион долларды құраған. Оның 58 миллионы айлық жалақысы мен клубтан алған бонусы болса, қалған қаражаты жарнамалық контрактілерге тиесілі болған.
Ал екінші орында «Барселона» ойыншысы Леонель Месси, ол бір жылда 80 миллион доллар ақша тапқан. Үшінші орында тағы бір «Барселона» футбол клубының ойыншысы Неймар. Ол 2016/2017 жылғы маусымда өз байлығын 37 миллион долларға еселеген.
Төртінші, бесінші орындарда «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» ойыншылары Гаред Бейл мен Златан Ибрагимович. Олардың жылдық табысы 34-32 миллион долларды құраған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі