АҚШ президенті алғашқы мемлекеттік сапарын аяқтап, АҚШ-қа қайтып оралғаннан кейін, жексенбі күні Twitter парақшасында бір топ жазбалар сериясын жария етті. Соның ішінде Ақүйдің құпиялығын шашып қойы деген сөзді «қауесет» деп көрсетті. Соған қоса бұл сөздерді таратқандар туралы тексеру керектігін ұсынды. Бұл туралы танымал басылым «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Трамптың «қауесетке» деп отырғаны – өзінің күйеу баласы әрі аға кеңесшісі Кушнерге (Jared Kushner) қатысты сөз болатын. Екі президенттің алмасу кезеңінде, Ресей жақпен Сүриядағы әскери операциялар және басқа да мәселелер төңірегінде құпия байланыс желісін орнату ісі сөз болғаннан кейін Трамп бұл іске өзі бастап кірісті.
Трамп Twitter парақшасында: « Ақүйдің құпия ақпараттары шашылды деген сөз – арнаулы түрде дайындалған мүлде жалған ақпарат. Саналы оқырмандардың мұндай ақпараттың жалған екеніне көздері жетеді. Аттарын да атамалмаған мұндай сөзді таратушылардың сөзінде ешбір сенім жоқ, оны таратушылар қоғамға осыны айтып сендірмекші болды, алайда, бұның оларға еш пайдасы жоқ әрі бұлар қоғамымыздың жауы», – деді.
Трамп үкіметі мүшелері мен Республикашылдар партиясының да бірнеше өкілдері Кушнер ісі туралы қарсылықтарын білдірді. Трамп та соның бірі болып табылады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?