АҚШ Балалар ғылым және балалар денсаулығын қорғау қоғамы жасқа толмаған балаларың жеміс шырынын беруге болмайтынын ескертіп хабар таратты. Жасқа толмаған балаларға жеміс шырынын берудің балалардың ақаусыз өсуіне кері әсер беретінін айтып ескерту жасады. Бұл туралы «People.com» хабарлап отыр.
Аталған ғылыми орталық таратқан хабарламада: «Осыған дейін ата-аналар жеміс шырындары таза, әрі денсаулыққа пайдалы деп қарап келді. Сонымен бірге жеміс шырындарын натурал өнім ретінде жасқа толмаған балаларға беріп келді. Алайда, ғылыми зерттеулерден кейін бұл балалардың қандағы қанын құрамын тез арттыратынын, жетіліп келе жатқан тістеріне ақау салады», – деді.
Калифорния университетінің профессоры Мелвин Хамма өзінің балалар денсаулығы туралы ғылыми еңбегінде: « Бір жастан үш жасқа дейінгі бөбектердің күн сайын ішетін жеміс шырыны 118 миллилитрден аспауы керек, 4-6 жас аралығында 177 мл. Ал, 7-18 жас аралығында бұл көрсеткіш 237 миллилитрден артып кетпеуі керек», – деп көрсетті.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті