Instagram әлеуметтік желісі Facebook желісіне қарағанда 400 % тиімді болып келеді. Бұл туралы SocialBakers аналитикалық сервисінің мамандары мәлімдеді.
Сарапшылар қолданушылардың қызығушылық танытып отырған желілерді анықтамақ болған. Нәтижеге сәйкес, Instagram желісі Facebook-ке қарағанда едәуір танымал әрі жиі қолданылатын болып шыққан.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің мазмұны мен құрылымында да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Facebook-ке көбіне саяси, қоғамдық өмірдегі жаңалықтарға қызығатындар кірсе, Instagram-ды танымал адамдардың парақшаларына жазылып, олардың өмірінен хабардар болып отыру үшін халықтың басым көпшілігі пайдаланады.
SocialBakers әлеуметтік желілердің қызметі мен халық арасында кеңінен пайдаланылуы турасында түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізіп тұрады. Nestle, Nokia, McDonald’s секілдік әлемдік компаниялармен бірлесе жұмыс жасайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау