Instagram әлеуметтік желісі Facebook желісіне қарағанда 400 % тиімді болып келеді. Бұл туралы SocialBakers аналитикалық сервисінің мамандары мәлімдеді.

Сарапшылар қолданушылардың қызығушылық танытып отырған желілерді анықтамақ болған. Нәтижеге сәйкес, Instagram желісі Facebook-ке қарағанда едәуір танымал әрі жиі қолданылатын болып шыққан.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің мазмұны мен құрылымында да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Facebook-ке көбіне саяси, қоғамдық өмірдегі жаңалықтарға қызығатындар кірсе, Instagram-ды танымал адамдардың парақшаларына жазылып, олардың өмірінен хабардар болып отыру үшін халықтың басым көпшілігі пайдаланады.

SocialBakers әлеуметтік желілердің қызметі мен халық арасында кеңінен пайдаланылуы турасында түрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізіп тұрады.  Nestle, Nokia, McDonald’s секілдік әлемдік компаниялармен бірлесе жұмыс жасайды.

  “The Qazaq Times”