Associated Press-тың кешегі хабарында Индонезияның Теңіз және балық шаруашылығы министрлігі 23 мамыр күні хабарламасы жария етілді. Онда Индонезияның теңіз шарлаушы кемесі мен Вьетнамның шарлаушы кемесі Оңтүстік Қытай теңізінде қақтығысып қалған. Оқиғада Индонезия теңіз шарлаушылары 5 вьетнамдық балықшы кемесін тұтқындаған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Индонезия Теңіз және балық шаруашылығы министрлігі берген мәлімет бойынша екі ел арасындағы қақтығыс Оңтүстік Қытай теңізіндегі Натуна аралдары маңындағы Индонезияның «Ерекше экономикалық аймағында» орын алған. Бір индонезиялық шарлаушы кеме 5 вьетнамдық балықшылар кемесін тұтқындаған. Осыдан кейін Вьетнамдық шарлаушы кемелер пайда болған. Олар вьетнамдық қайықтарды бөліп алмақ болған. Индонезия жақтың көрсеткен хабарына қарағанда қақтығыс барысында адамдардың қаза болғандар жоқ.
Қақтығыстан кейін екі жақтың да теңіз қорғау қосындары теңіз алабын тыныштандыруға кіріскен. Индонезияның аталған министрлігінің бір өкілі 11 вьетнамдық экипаж мүшесі ұсталғанын айтып отыр.
Associated Press-тің хабарына қарағанда, соңғы екі жылда, Индонезия жақ «ерекше экономикалық аймақта» Вьетнам балықшылар кемесінің балықшылар кемесінің кіруіне шектеу қойған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау