Түркияда «Билікті аудару төңкерісін ұйымдастырды» деп айыпталған екі жүзден астам адамды сот отырысына алып келді. 221 адамның үстінен жүргізілетін сот отырысы 22 мамыр дүйсенбі күні басталды. Түрік билігі бұл азаматтарды АҚШ-тағы «Гүленшілер» ұйымының басшысы Фетхоллаһ Гүленмен байланысы бар деп айыптаған болатын.
Кезекті сотқа алып келген күмәнділердің басым көпшілігі жоғары әскери лауазымды қызмет атқарған. Айыпталушыларды сот отырысына қарулы жасақтардың қоршауымен тізіп алып кірді. Ал олардың сыртынан президент Режеп Тайып Ердоғанның жақтастары бақылап тұрды. Айыпталушылар қатарының алдында Түркия Аба әскери күштерінің мұрагері қолбасшы, генерал Ақын Өзтүрікті алып жүрді.
Ердоғанның жақтастары төңкеріс ұйымдастырушыларды өлім жазасына кесу керек деп отыр. Алайда түрік елінің заңында өлім жазасы алынып тасталған. Ердоған билігі әзірге дейін өткен жылғы төңкерістің тудыру ісіне байланысты ел ішінде 40 мыңнан астам адамды қамау мен қудалауға ұшыратқаны белгілі.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?