Мұнай көлемін тағы 9 айға қысқарту туралы ОПЕК пен оған мүше емес елдердің келісімін барлығы мақұлдауы мүмкін. Олар өндіріс көлемін 2018 жылдың бірінші тоқсаны аяқталғанға дейін қысқартуға келісіп отыр. Бұл жөнінде Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалих мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости.
"Біз бәрі келіседі деп ойлаймыз. Мен сөйлескен тараптың барлығы келісім мерзімін тоғыз айға дейін ұзарту ақылды шешім екенін біледі", - деп келтіреді Bloomberg агенттігі аль-Фалихтың сөзін.
Оның сөзінше, келісімді 2018 жылдың алғашқы тоқсанына дейін ұзарту мұнай өнімдерінің және мұнайдың коммерциялық қорын қысқартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мұнай көлемін қысқарту туралы алғашқы келісім 2016 жылдың 30 қарашасында жасалған. ОПЕК пен оған мүше емес 11 шикізат өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррельге дейін қысқартуға келіскен. Ендігі келісім 25 мамыр күні Аустрияның астанасы Вена қаласында өтеді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?