Осы жылдың қаңтар-ақпан айында азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтердің құны 7,7%-ға дейін өскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге төмен (өткен жылғы көрсеткіш 15,4%). Мұндай мәліметті ranking.kz сараптама агенттігі келтіріп отыр.
Десек те осы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өскен. Ал азық-түлік емес тауарларлдың құны 8,7%-ға жоғарыласа, ақылы қызметтер 4,8%-ға қымбаттаған.
Әсіресе өмір сүру құны "қымбаттаған" өңір - Астана. Бас қалада негізгі қажетті тауарлар мен қызмет көрсету құны 9,2%-ға өскен. Азық-түлік пен сусындардың бағасы 13,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар құны 11,7%-ға, ақылы қызметтер 2,2%-ға жоғары.
Ал бағаның қымбаттауына қатысты ең төменгі көрсеткішке Батыс Қазақстан облысы ие. Бұл аймақтағы тұтынушылар бағасы индексінің деңгейі бір жылда 6,6%-ға өскен. Азық-түлік 8,3%, азық-түлік емес тауарлар 7,9%, қызметтер 3,5%-ға қымбат.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды