Осы жылдың қаңтар-ақпан айында азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтердің құны 7,7%-ға дейін өскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге төмен (өткен жылғы көрсеткіш 15,4%). Мұндай мәліметті ranking.kz сараптама агенттігі келтіріп отыр. 

Десек те осы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өскен. Ал азық-түлік емес тауарларлдың құны 8,7%-ға жоғарыласа, ақылы қызметтер 4,8%-ға қымбаттаған.

Әсіресе өмір сүру құны "қымбаттаған" өңір - Астана. Бас қалада негізгі қажетті тауарлар мен қызмет көрсету құны 9,2%-ға өскен.  Азық-түлік пен сусындардың бағасы 13,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар құны 11,7%-ға, ақылы қызметтер 2,2%-ға жоғары.

Ал бағаның қымбаттауына қатысты ең төменгі көрсеткішке Батыс Қазақстан облысы ие. Бұл аймақтағы тұтынушылар бағасы индексінің деңгейі бір жылда 6,6%-ға өскен. Азық-түлік  8,3%, азық-түлік емес тауарлар 7,9%, қызметтер 3,5%-ға қымбат.

“The Qazaq Times”