Йеменнің астанасы Сана қаласындағы соғыс жағдайына қоса, жергілікті тұрғындар арасында тырысқақ (холера) ауруының көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Йеменнің денсаулық сақтау министрлігі халықаралық гуманитарлық ұйымдардан елдегі тырысқақ дертінің эпидемиясымен күресте көмек қолдарын созуды сұрады.
Соғыс жағдайынан зардап шеккен жергілікті медициналық орталықтар бұл эпидемиямен күресте қауқарсыз екендіктерін жеткізуде.

Фото: vladtime.ru
БҰҰ-ның ресми мәліметтеріне сәйкес, 11 мамыр күні Йеменде тырысқақ дертінен 51 адам көз жұмған. Ал елдегі жағдайды жіті бақылап отырған «Қызыл крест» ұйымының хабарлауынша, 14 мамырда қаза тапқандардың саны 115-ке жетіп отыр. Болжамға сәйкес, ауруға шалдыққандардың саны 2,7 мыңнан 8,5 мың адамға дейін болуы мүмкін.
Қазіргі таңдағы соғыс жағдайына байланысты жергілікті тұрғындар ашаршылық пен таза ауыз судың жеткіліксіздігінен де қиындық көріп отыр. Сол себепті де дерттің алдын алу мүмкіндік жоқ.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы