Йеменнің астанасы Сана қаласындағы соғыс жағдайына қоса, жергілікті тұрғындар арасында тырысқақ (холера) ауруының көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Йеменнің денсаулық сақтау министрлігі халықаралық гуманитарлық ұйымдардан елдегі тырысқақ дертінің эпидемиясымен күресте көмек қолдарын созуды сұрады.

Соғыс жағдайынан зардап шеккен жергілікті медициналық орталықтар бұл эпидемиямен күресте қауқарсыз екендіктерін жеткізуде.

Фото: vladtime.ru

БҰҰ-ның ресми мәліметтеріне сәйкес, 11 мамыр күні Йеменде тырысқақ дертінен 51 адам көз жұмған.  Ал елдегі жағдайды жіті бақылап отырған «Қызыл крест» ұйымының хабарлауынша, 14 мамырда қаза тапқандардың саны 115-ке жетіп отыр. Болжамға сәйкес, ауруға шалдыққандардың саны 2,7 мыңнан 8,5 мың адамға дейін болуы мүмкін.

Қазіргі таңдағы соғыс жағдайына байланысты жергілікті тұрғындар ашаршылық пен таза ауыз судың жеткіліксіздігінен де қиындық көріп отыр. Сол себепті де дерттің алдын алу мүмкіндік жоқ.

“The Qazaq Times”