Көктем айларының соңы болып, жаз жақындағанына қарамастан Польшаға төмен температура кері әсерін көрсетуде. 8 мамыр күнінен бастап температураның төмендеп, оның соңы қарға ұласқан. Польшаның жер-жерінде қапалақтап қар жауды. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Польша да температура төмендеп, мамырдың ортасында қапалақтаған қардан ауыл шаруашылық өндірісі, соның ішінде егіншілік ауыр шығынға ұшыраған. Әсіресе аталған елдегі көлемді жеміс-жидек бақтарына көбірек зиян келген. Елдегі қолайсыз ауарайы кешеден бері сейілген.
Қалаларда және үлкен тасымал дәліздерінде көлік қатынасы қиындап, жол апаты көптеп туылған. Биылғы жылдағы климат ерекшелігі солтүстік жарты шардағы аз болмаған елге өзінің кер әсерін көрсетуде. Әсіресе, Шығыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония қатарлы елдер климат қолайсыздығынан зардап шегіп отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау