Солтүстік Корея билігі "қастандық әрекет жасамақ болды" деген айыппен АҚШ азаматының ұсталғаны туралы мәлімдеді. Бұл соңғы екі аптада қайталанып отырған екінші жағдай.
Солтүстік кореялық орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, Ким Хак Сон сенбі күні, яғни 6 мамырда ұсталған. "Тиісті ведомство өкілдері жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Агенттіктің ақпаратынша, Ким Хак Сон Пхеньянның білім және технология университетінде жұмыс істеген.
Айта кетейік, бұған дейін солтүстік кореялық БАҚ сәуір айының соңында Пхеньянда тағы бір АҚШ азаматы Ким Сан Доктың (Тон Ким) ұсталғанын хабарлаған. Оған "КХДР үкіметін құлатуға әрекет жасады" деген кінә тағылып отыр. Ол да Пхеньянның білім және технология университетінің қызметкері болған.
Ескерте кететін жайт, Солтүстік Корея мен АҚШ арасында ешқандай дипломатиялық қарым-қатынас орнамаған. 2009 жылдан бері қарай 10 америкалық және өзге ел азаматы Солтүстік Корея жерінде күдікті ретінде қолға алынған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?