Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Баракидің "бомба туралы" айтқанын "орынсыз әзіл" деп атады. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бараки 1 мамырда Кабулға ұшу керек болған. Астана әуежайында кеден қызметкерлерінің дипломат қол жүгі туралы сұрағына ол "бомба" деп жауап берген. Сол себепті кеденшілер оны рейске жібермей қойған.
Мұхтар Тілеубердінің журналистерге айтуынша, арнайы қызмет мамандары оның дипломатиялық мәртебесінен бейхабар болған. Дегенмен Тілеуберді ауған дипломатының әзілін "орынсыз" деп сипаттады. Оның айтуынша, түсінбеушілік шешімін тапты, ал дипломатқа еліне оралуға рұқсат берді.
Астана әуежайының баспасөз хатшысы Камила Қасымбекованың айтуынша, дипломат бұл жауабымен "ережені өрескел бұзған", дипломатиялық мәртебесі ғана оны қорғап қалған.
“The Qazaq Times”
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?