Қазақстан Сыртқы істер министрі Катар әміршісімен кездесуде лаңкестік әрекеттермен күресу жолдары мен Астанада Сүрия бейбітшілік отырысын өткізу мәселесін қарастырды деп хабарлады "Фарс" баспасөзі.
«Alalam» арнасының хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Дохаға жасаған сапарында Катар әміршісі шейх Тамим Бин Хамд Але Санимен кездесті.
Осы мәлімет бойынша, кездесуде Қазақстан Сыртқы істер министрі биылғы жылдың 10- 11 қыркүйек күндері Астанада өтетін Исламдық Ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологияны дамыту бірінші саммитіне қатысу үшін ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатын Катар әміршісіне табыс етті.
Тараптар сондай- ақ осы кездесуде Катардың Астанадағы Экспо- 2017 көрмесіне қатысу үшін әзірлігін қарастырды.
Қазақстан Сыртқы істер министрі мен Катар әміршісі аймақтағы маңызды мәселелерді, соның ішінде Астанадағы Сүрия бейбітшілік келіссөздерінің үдерісі мен алдағы кеңесулерге осы ел үкіметі мен оның қарсыластарының қатысу тақырыбын қарастырды.
Әбдірахманов Катар әміршісімен кездесуде оның 2014 жылдың қаңтар айында Астанаға жасаған сапары мен ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың қазан айында Дохаға жасаған сапары барысында жасалған келісімдердің басым көпшілігінің орындалып жатқанын және екіжақты ынтымақтастықтардың едәуір ұлғайғанын мәлімдеді.
"The Qazaq Times"