Көктемгі қар суының еруінен өзендер ернеуінен асып, бірқатар өңірлердегі елді мекендер су астында қалды. Тұрғындар үй-жайынан айрылып, табиғи апаттың салдарынан біраз қиындыққа тап болды. Халыққа гуманитарлық көмек көрсету мақсатында еліміздің біраз аймақтарында қайырымдылық керуендері ұйымдастырылып жатыр.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретттің тапсырмасымен су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Ақмола асары» атты қайырымдылық керуені ұйымдастырылған болатын. Аталмыш шараға Көкшетау қаласы мешіттері мен жергілікті тұрғындардан азық-түлік, киім-кешек және қаржылай көмек жиналды. Сондай-ақ мұндай игі шараға Семей өңірінен 356 000 теңге көлемінде қаражатпен көмек көрсетіліп, жиналған барша қаражатқа азық-түлік алынды. Облыс имамы Қанат Қыдырмин бастаған қайырымдылық керуені облыстың Сандықтау, Атбасар және Астрахан аудандарында болып, жүз отбасына арнайы азық-түлік пен киім-кешектер таратылды.

Фото: old.muftyat.kz

“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр