Пентагон АҚШ-тың және серіктес елдердің компьютерлік қауіпсіздік мамандарын мемлекеттік құпиялар сақталатын арнайы веб-сайттарды бұзып, мәліметтерді ұрлауды байқап көруге шақырып отыр.
Бұл акция 2016 жылы "Пентагонды бұзып көр" бағдарламасының аясында өткізіліп жатыр. Былтыр бұл шараға Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландиядан 1500-ден астам маман қатысып Пентагонның базасындағы 100 шақты қателіктер мен осал тұстарын анықтаған болатын. Нәтижесінде үздік хаккерлерге 150 мың доллардан ұтыс берілген еді. Ал сайттардың бұл осал тұстарын басқа мақсатта тауып, ақпарат ұрланатын болса, Пентагонға миллиондаған шығын келетін еді.
Пентагонның бұл бағдарламасы әлемдік тәжірибеде алғашқылардың бірі болып табылады. Осы уақытқа дейін бұл бағдарламаға тек қорғаныс министрлігінің мамандары ғана тартылған. Ал бүгінде бұл жобаға әлемнің үздік хаккерлерін шақыртып отыр.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы