Ресейлік күштік құрылымдар мереке кезінде Мәскеуде террорлық шабуыл жоспарлады деген күдікпен жеті адамды тұтқынға алғанын мәлімдеді. Олар Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының нұсқауымен әрекет етпекші болған деп хабарланды.
Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәлімдемесі бойынша, күдіктілер Дағыстан аумағында ұсталған. ФҚҚ мәлімдемесі бойынша, ұсталған күдіктілер адам көп жиналған орындарда қару және жарылғыш қолдану арқылы шабуыл жасамақ болған делінеді.
Дағыстандағы діни бүлікшілер бұған дейін полиция мен ресми тұлғаларға шабуыл жасаған. Олардың кейбірі ИМ-ге ант берген. 2015 жылы қыркүйекте Ресей Сирия президенті Башар Асадты қолдап, Сирияда әуе шабуылдарын бастады. Сириядағы ИМ жетекшілері оған жауап ретінде Ресейде шабуыл жасаймыз деп қорқытты.
Мәскеу билігі мереке күндері қалада қауіпсіздік шараларын күшейтуді қолға алды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?