Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясы бойынша доллардың бағамы 1,26 теңгеге көтерілген. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 313,70 (+1,26 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 62 650 мың USD (+35 350 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 342,40 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 100 мың еуро.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным - бір юаньға 45,4480 теңгені (+0,1280 теңге), сауда-саттық көлемі – 1 000 мың юаньды (+900 мың юаньді) құрады.
The Qazaq Times