Uber онлайн тапсырыс беру қызметі  2020 жылы Дубайда өтетін World Expo 2020 көрмесінде ұшатын автокөліктердің прототиптерін таныстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы USA Today басылымы жазды.

Фото: willad.ru

Компания бұл жоспарымен Американың Даллас қаласында өткен Elevate Summit конференциясында  таныстырған болатын. Uber  көптеген қалалармен серіктестік қарым-қатынас орнатып, бүгінде тікұшақтікіндей ұшып-қону техналогияларымен жетілдірілген ұшатын көліктерді құрастырып жатыр.

Компанияның өндіріс бөлімінің директоры Джефф Холден: «Қалалық авиация – Uber үшін кезекті айқын қадам» - деп мәлімдеді.

"The Qazaq Times"