«Парс.Ақпарат» агенттігінің хабарына қарағанда, АҚШ Орта-Шығыстағы 20-дан аса мемлекеттің шекарасын өзгертуге тырысуда. Аталған ақпараттың ресми сайтында Түркия Барлау басқармасының бұрынғы бастығының сөзіне сілтеме жасалыпты. Оның айтуынша АҚШ-тың бұл әрекеті Иранның аймақтағы күш-қуатының артып кетуінің алдын алу үшін жасалып отыр.
Түркия әскерінің Барлау басқармасы бұрынғы бастығы Смайыл Хаки Пакин «Sputnik» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, АҚШ үкіметінің Орта-Шығыстағы кемінде 20 елдің мемлекеттік шекарасын өзгертуге тырысып жатқанын, бұл әрекетінің сионистік режимнің аймақтағы мүддесі сақтау және Иранның ықпал күшінің артып кетпеуі үшін жасалып жатқанын айтқан.
АҚШ үкіметінің Иранға қарата жаңа әрі қатаң саясатты әзірлеп отырғаны анық. Трамп билігі бұрынғы келісімді тым жұмсақтықпен жасалған деп санап, Иран ядролық бағдарламасын қатаң тежейтін жаңа келісімді іске асыруға тырысуда. Жақында Иранда билік басшылығы ауысуы да мүмкін. Иран президенті өз орынын сақтап қалған күндеде, осыған дейінгі президенттік қызметіндегі мәмілешілдігін көрсете бермеуі ықтимал.
The Qazaq Times

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр