Қытайдың "Шинхуа" агенттігі 2016 жылдағы 10 ірі халықаралық маңызды оқиғаның хронологиялық тізімін жасады.

1. Қытай басшысының Орта Шығыстағы дипломатиялық қадамы

19 қаңтардағы Қытай басшысының Орта Шығыстағы сапары, осы жылдағы халықаралық маңызды оқиғалардың тізімін ашты деп бастапты аталған агенттік. Осыған қатысты мынадай баға берген: бір жылдан бері Қытай басшысы Ши Жинпиң ортаға қойған жан-жақты дипломатиялық байланыс орнату саясаты қытайдың өзге салаларын да қоса дамытты. Қытайдың бұл дипломатиялық қадамына – әлемдік жетекші басқару реформасы деген бағасын да берілді.

2. Корей түбегіндегі жағдайдың ушығуы

Солтүстік Корея БҰҰ-ның қарсылығына қарамастан, қаңтар және қыркүйек айларында екі рет ядролық сынақ жасады. Бір емес, бірнеше рет БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысын бұза отырып ядролық сынақтар жасау, оқжолындық зымырандарды ату әрекеттеріне баруы, Солтүстік-Шығыс Азиядағы шиеленісті жағдайды одан ары ушықтырды.

3. 2016 жылдағы Сирия ісі және Ресей, АҚШ, Батыс елдерінің келісімдері

27 ақпанда АҚШ-Ресей, Сириядағы қақтығыс алып барып отырған әрқайсы тараптан соғыс тоқтату бітімін жасауға келіссе, 10 қыркүйек АҚШ-Ресей соғыс тоқтату бітімін жасауды тездету үшін, әр тараппен келісім жасауға және Сирия үкіметінің орнығуын жеделдетуге тырысты. Алайда, қазан айынан бастап, Ресей мен Батыс елдері арасында Сирияға қатысты жаңнжал күшейе түсті: АҚШ пен Ресей соғыс тоқтатудың жаңа келісімін жасаса; ресейлік әскерилермен терроршылдарға қарсы тұру шешімі жасалды; Ресей мен Франция және басқа да Батыс елдері арасында, Сирия ісі және өзге мәселелер жөнінде  қауіпсіздік кеңес ұйымы құрылды. Батыс елдері Сирия ісі арқылы Ресейге қысым түсірді. Ресей мен Батыс арасындағы келіспеушілік Сирия мәселесіне қосылып, тұрақсыздыққа бет алды. Бұл Сирия болашағының бұлдырауына әкеліп соқты.

4. Еуропа елдерінің жан түршігерлік лаңкестік шабуылдарға ұшырауы

Еуропада туылған террорлық әрекеттер – Еуропаны күшті лаңкестік шабуыл нысанына айналдырды. Наурыздағы Бельгия, Брюссельде туылған террорлық шабуыл сериалары және шілде айындағы Ниццада, Францияда болған лаңкестік оқиғалар көптеген адам өліміне алып келді. Жыл соңына қарай, Германия астанасы Берлинде де осындай лаңкестік әрекет жасалды. Осыған орай, Еуропа елдерінде лаңкестерге қарсы оқу-жаттығулар қаурыт ұйымдастырылды және анти-террордың жаңа тәсілдері іске қосылды.

5. Ұлы Британияның ЕО-дан кетуі әлемді дүр сілкіндірді

23 маусымда Ұлы Британия кеңесінің қаулысы бойынша, ЕО-тың алып бір елі одаққа қош айтты. Бұл хабар сол кезде де, қазірде әлемді елеңдетіп тұрған оқиғаның бірі. Осыған орай, Еуропа Одағының болашағы туралы пікірлер сан-саққа жарылды. Ал, Ұлы Британия үкіметі бұның себебін "ондаған жылдар бойы Еуропа Одағының интеграциясына күш-жігерін жұмсаған  еліміз ауыр шығындарға ұшырады, бірақ, бізге ЕО-дан ешқандай пайда келген жоқ" деп түсіндірді.   Британияның ішкі қоғамдық пікірі де осы шешімге сай әр алуандылыққа бет алды. Жаңа саяси талғамдар орнай бастады.

6. Оңтүстік Қытай теңізіндегі қақтығыс

Шілденің 12 күні, уақытша құрылған филиппиндік Акино атты сот палатасы Оңтүстік Қытай теңізінің иелік құқы бойынша «Үш жақты келісім» атты шешім жариялады. Алайда бұған Қытай тарабы қарсылық білдіріп, Қытайдың территориялық тұтастығы және Оңтүстік Қытай теңізіндегі иелік аумағына нұқсан келтірді деп айыптады. Қытай осы арқылы "Филиппиннің әрекеті халықаралық ережені бұзу және төрелік ісі бойынша заңды құзыретке ие емес" деп сын айтты. Және жарамсыз, заңсыз қағидаларды қытай жақ қабылдамайды деп ескертті. Қазан айында Филиппиннің жаңа президенті Датт Стбарттың Қытайға сапарында, екі тарап баянды келісімге келмек болып келісті.

7. Түркиядағы әскери төңкеріс және түрік пен Батыс қайшылығы

Шілденің 15 күні кеште, Түркияда әскери төңкеріс туылды, алайда бірнеше сағат ішінде басып тасталды. Бүкіл ел көлеміндегі әскери төңкерістен және былықпалықтан 200-ден астам адам қаза тапты, екі мыңға жуық адам зардап шекті. Ердоған үкіметі бұл көтерілістің басты ұйымдастырушысы ретінде АҚШ-қа паналап жүрген түрік дін ағымының өкілі, Фетхуллах Гүлен деп тапты және ел ішінде зор көлемді тазалау әрекетін жүргізді. Батыс елдерінің іріткі салып, елдегі үкіметке қарсы топатарды желіктіру әрекетін айыптады. Бұған қарсы ЕО мүшелері Түркияның ЕО-ға кіру өтінішін мұздатуға тырысты. Батыс елдері мен Түркия арасындағы қарым-қатынас қайшылыққа ұласты.

8. RMB-нің (Қытай валютасы Юань) қаржы-валюта жүйесіндегі оң әсері

1 қазанда RMB Халықаралық Валюта Қорының  қарыз алу және қарыз қайтаруға толымды валюталары қатарына кірді. Бұл - қорға мүше елдердің ресми резервтерінің жетіспеушілігін толықтырды деп қарайды "Шинхуа" агентігі. Бұл дамушы елдер экономикасынынан алғашқы SDR-ге мүше валюта ретінде саналады. Жалпы қордағы үлесі 10,92 пайызды ұстайды.

9. Трамптың АҚШ президент сайлауындағы жеңісі

8 қараша, АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланып,  Республикашылдар партиясының қолдауындағы Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші президентінің үміткері болды. Қазір әлем "Трамп АҚШ экономикасын қалай көтермек" деген мәселені басты назарға ұстап тұр.

10. Куба революциясының көсемі Фидель Кастроның қаза болуы

25 қараша, Кубаның бұрынғы басшысы және Куба революциясының көсемі Фидель Кастро 90 жасында қаза болды. Кастро кубалық коммунистік партиясының негізін қалаушы және социалистік Куба мемлекетін құрушы. 1959 жылдан бастап, Кастро Кубада революциялық режим орната бастады. Неше он жылдық күрес барысында ол, кубалықтардың биік ұстанымын және ұлттық бірегейлігін қалыптастырды. АҚШ-тың ауыр қысымына қарамастан Кубаның дамудың өз жолын табуына жетекшілік етті. Ол кубалықтар үшін және әлемдік социалистік идеяның дамытушысы ретінде бағаланады. Кезіндегі Кеңес Одағында және Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам қатарлы елдерде зор құрметке ие.

 

"The Qazaq Times"