АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада Американың жағалауларында газ өндіру туралы жарлыққа қол қоймақ. Бұл туралы Politico басылымы президент басшылығының мәліметтеріне сүйене отырып хабарлаған болатын.
Ақпарат көздерінің мәліметтеріне сәйкес, Трамп осы аптада бірден 32 жарлыққа қой қойып, ел экономикасына үлкен серпіліс алып келуді жоспарлап отырған көрінеді. Қамтылған мәселелердің ішінде - киберқауіпсіздік, ардагерлердің жағдайы мен ауыл шаруашылығы қамтылған.
Трамп алдымен АҚШ жағалауларын газ бен мұнайдың көздерін табуға бағытталған барлау жұмыстарын жүргізуді бұйырып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар мұхит жағалауларындағы қайраңдағы алғашқы бұрғылау болмақ.
Барак Обама өзінің президенттік мансабының соңында Атлант мұхиты мен Аляска жағалауларында мұнай бұрғылау мен өндіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салып кеткен болатын.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы