Мюнхен қаласында Lilium компаниясы ұшатын элекрлі көліктерін алғаш тәжірибеден өткізді.
Lilium Aviation компаниясының электромобильдері басқа да құрастырылып жатқандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерімен бәсекеге қабілетті болып отыр.
Біріншіден, ұшатын көліктің көкке көтерілуі үшін арнайы ұшатын жолақтың қажеті жоқ. Өйткені, арнайы орнатылған механизмнің арқасында көліктер тік көтеріліп, қажетті биіктікті оңай еңсереді.
Екіншіден, басқа ұшатын электромобильдерге қарағанда электр қуатын аз жұмсайды.
"The Qazaq Times"