29 желтоқсан, Бейсенбі, «Guardian» және «Daily Telegraph» қатарлы онлайын басылымдар Шынжаңда тағы да үкіметке қарсы «зорлықты күш» оқиғасы туылғанын жарыса хабарлады. Бұл туралы "The New York Times" арнайы шолу жариялады.
«Guardian» басылымы Шынжаңның жерлік үкіметінің сөзіне дәйектеме келтіре отырып, бір топа адамның үкімет үйіне автокөлікпен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Хабарға негізделгенде, ресурстарға бай Орта Азияға жақын орналасқан Шынжаңда, мұсылман ұйғырлар мен хан ұлты арасындағы қақтығыстардан неше жүздеген адам қаза болған.
«Guardian» басылымының айтуынша, Шынжаңдағы нақты жағдай жөнінде шетел журналистерінің зерттеп, ақпарат таратуы жерлік үкімет жағынан шектеуге ұшыраған. Сондықтан, осы өңірде тәуелсіз тұрғыда журналистік зерттеу жасау мүмкін емес. Жергілікті ақпарат құралдары «Шынжаңның тыныштығы 2016 жылда бір қалыпты болды, күшті шабуылдар мен зорлық-зомбылық істері туылмады» деп хабарлаған болатын.
Алайда, «Daily Telegraph»-тың айтуына қарағанда, Тянь-Шань өңірінде туылған бұл оқиға, соңғы бірнеше айдағы адам өлімі жүз берген бірден-бір шабуыл оқиғасы болып отыр.
Аталған басылым және де, «Шынжаң үкіметі жергілікті БАҚ-ты қатаң бақылауда ұстап отыр, есесіне, өздеріне тиімді үгіт-насихат тебінін барынша арттырып отыр. Соңғы жылдары Шынжаңның бейбіт тұрғындарына қаратқан шабуылдары көптеп туылды. Ел ішіндегі ақпарат өкілдері, «бұл өқиғаларға, жерлік ұйғыр ұлтының арасындағы зорлықшыл топтар айыпты» деп хабарлаумен келеді. «Бейжің қаласындағы жарылыс оқиғасы да солардың мойнында» деп жазды.
Ал, Қытайдың ресми ақпарат орталығының сөзіне сүйенсек, бұл реткі шабуылшылар «қарақшылар» мен «террористерден» құралған.
«Guardian» басылымы бірнеше сыншылардың пікірін де көлденең тарта отырып, Шынжаң ісінде Қытай үкіметінің маргиналдау жоспары мен ұйғырларға қаратқан саясатының салдары дегенді айтады. Сарапшылар тағы Бейжің жақ ұйғырлар арасынан кейбір ұшқары радикал топтарды қолдан жасай алады дегенді ескертті.
«The Qazaq Times»