9 қазанда Жетсу облыстық сотында Талдықорған қаласында қанды қаңтар кезінде ұсталғандарды азаптады деп айыпталыған 5 полицейдің апелляциялық шағымы қаралды.
Аяғынан басына дейінгі сүйектері сындырылып, көбесіне ине жүгіртілген, тісі жұлынып, арқасына үтік басылғандар әуелде күдікті деп танылған бесеуден басқа да полиция қызметкерлерінің барлығын. Олардың бәрінде азаптау ісі бойынша қатаң жазамен жазалауын талап еткен. 1 сатылы сот 39 отырысқа ұласқан. Соңында жәбірленушілердің барлығы айыпталушыларға кешірім беріп судьядан оларды қамау жазасына кеспеуін сұраған тұғын.
Алайда судия Бекмұрат Дүйсенбеков айыпталған бесеуінде 146 баптың 2 бөлігімен кінәлі деп танып Айдын Кенжаебаев пен Жанбақыт Нұртазаны 4 жылға, Сапармұрат Тоқташты 3.5 жылға, Алмас Боқанов пен Ермек Жұмашевты 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Араға жарты жылдан аса уақыт өткізіп іспен танысқан бес полицейдің апелляциялық соты 21 қырүкүйкте өтуі керек болған процес түрлі себептермен 2 қазанға ауыстырылып одан 9 қазанға тұрақтаған.
Сут отырсын әуелде айыпталушы және жәбірленуші тараптардың ашық сот отырсына БАҚ өкілін қатыстырмау туралы талабынан басталды.
Түске дейін айыпталушылардың қорғаушылары бірінші сатылы сотта өте ауыр жаза кесілді деп кейбірі толық ақтауыды, кейбірі жеңілдетіп үйге шығаруды сұрады.
Жәбірленуші Тұралықовтың адвокаты Әсем Түсіпова 22 жылдың қанды қаңтарындағы ішінде 4 кәмелет жасына толмаған өспірім бар 24 адамның аяусыз азапталғанын ісі сот тергуі жүріп жатқан кезге дейінгі бұзылған жағдайларды еске алып біз азаптаушы полицейлерге оңтайлы жағдай жасасақ азаптауді қалай тоқтатамыз деген сауал қойды.
Бірінші сатылы сотта айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сондықтан 10 ақпандағы қалалық соттың үкімі өзгерісіз қалтырылсын деген прокурор Марат Абуев барлық сотталушыдан төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау; айыбы айыптау актісінің орысша мәтінінде көрсетілмеген деген себеппен алып тастауды сұрады.
Сотталушылардың өтініштерін қанағаттандырусыз қалтырған Апелляциялық сот алқасының төрағасы Кененбаев Ержан бірінші сатылы соттың өкімін өзгерісіз қалтырғанымен прокурор Абуев сұраған 54 баптың 11 бөлігіндегі Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды алып тастады.
Үкімді түсіндірген судья Құлбеков Арман 54 баптың 11 бөлігіндегі төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасау айыбын неге негізделіп алып тастағанын түсіндірмеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді