АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне жататын құпия құжаттарды үйінде заңсыз сақтады деген айып тағылған бұрынғы президенті Дональд Трамп Майамидегі федералдық сот тыңдауы қарсаңында ұсталды. Оған 37 түрлі қылмыстық айып тағылған. Трамп олардың бәрін жоққа шығарып отыр.
Экс-президентке ұлттық қауіпсіздікке жататын құпия құжаттарды Флорида штатында өзінің Мар-а-Ларго зәулім үйінде заңсыз сақтады деген айып тағылған.
Айыптау 13 маусымда жарияланды. Сәуірде ғана Манхэттендегі сот алқасы Трампты порножұлдыз Сторми Дэниелске үнсіздігі үшін ақша төлеу үшін қаржы құжаттарын бұрмалаған деп айыптаған.
Дональд Трамп кінәсін мойындаудан бас тартып, 2024 жылы президент сайлауына қатысатынын жариялады.
Сот өкілінің айтуынша, Трамп пен оның бұрынғы көмекшісі Уолт Наут айыптар тағылар алдын ұсталған. Сот отырысы жабық өткен.
Трамп қазіргі президент Джо Байден әкімшілігін саяси мақсатта қудалап жатыр деп айыптаған. Сейсенбі күні экс-президент айыптауларды басқаратын арнайы прокурор Джек Смитті "Трампты жек көретін адам" деп атаған.
Трамптың заң саласындағы мәселелері республикашыл жақтастары арасында оның беделіне нұқсан келтіре алмады. Reuters/Ipsos жүргізген сауалнамада Трамп республикашылар ішіндегі үміткерлер арасында алда келе жатқанын көрсетті.